Қазақстан эстрадасының жарқын жұлдызы – Бейбіт Қорғанның “Бақытты балалық шақ қорғауында” қайырымдылық концерті өтті»

Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында Қазақстан Республикасы ІІМ имидждік жобасын жүзеге асыру аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары – Бейбіт Қорғанның «Бақытты балалық шақ қорғауында» атты қайырымдылық концерті өтті.

Концертке қатысу үшін Ұлттық ұлан мен Полиция департаментінің көркемдік ұжымы шақырылды. Әсіресе көрермендерді кішкентай әртістер, полиция қызметкерлерінің балалары өз өнерлерімен ерекше қуантты.

Кештің соңында Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз  керемет ұйымдастырылған концерт үшін Бейбіт Қорғанға және концертке қатысушыларға алғысын білдірді. Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев ведомство басшылығының  атынан Бейбіт Қорғанға алғысхат табыстады.