Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 100 жылдығы

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 100 жыл толуына орай, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Канада және Германия елдерінің Қазақстандағы елшілері “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” Бірінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған бірлескен отырысы болып өтті. Қазақстандағы Француз Республикасының Елшісі Филип Мартин еске алу күнін салтанатты түрде ашты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Ю. Василенко құттықтау сөз сөйлеп, рәсімге қатысқан барлық қатысушыларға, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Дипломатиялық корпустың өкілдері мен басқа да орталықтың атқарушы органдарының өкілдеріне өз алғысын білдірді.