1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Бүгін елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл мереке Қазақстанда былтырдан бастап аталып өтіп келеді. Оны. бекітуді ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болатын. «Бейбітшілік және келісім сарайы» әлемнің сегізінші таңғажайыбы.
Бұл ғимарат түрлі діндердің, этностардың және мәдениеттердің, халықтың және мемлекеттің барлық әлемге ашықтығының символы, сондай-ақ дінтану мен дінге еріктіліктің орталығы болып табылады.
«Бейбітшілік және келісім сарайын» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес»-деген болатын.
Дәл осы сөз бүгінде сарайымыздың қабырғасынан орын алған. Қазақ жеріндегі достық, бірлік және бейбітшіліктің символы болып табылатын «Бейбітшілік және Келісім сарайы» бүгінгі мерекемен сіздерді шын ниетпен құттықтайды.