ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ДӘРІС

2017 жылдың 11 мамыр күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» Баспасөз орталығында Өрт қауіпсіздігі жайында арнайы дәріс болып өтті. Дәрісті «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» Еңбек және өрт қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Батырхан Жұмашұлы мен Өртке қарсы қауіпсіздік инспекторы Жанболат Тоғанбайұлы жүргізді. Жиынға Сарай қызметкерлерімен қатар ғимаратта орналасқан «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» және «Түркі академиясының» қызметкерлері де қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға ғимараттағы өрт туындау қаупі мен себептері түсіндірілді. Сондай-ақ, өрт сөндіру жабдықтарымен таныстырылып, төтенше жағдай орын алған кездегі қатердің алдын алу әрекеттері жайлы қауіпсіздік шараларынан бағдар берілді. Дәріс соңында ақпараттық бейнеролик көрсетілді.