«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ – MADE IN ASTANA» ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ

2017 жылдың 21 шілде күні Astana Expo-2017 Future Energy шеңберіңде «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» қолдауымен «ҚҰЛАНШЫ» Қазіргі Заманғы Өнер орталығында «Болашақ энергиясы – Made In Astana» жастар шығармашылығының фестивалі шымылдығын ашады.
Фестиваль үш кезеңде ұйымдастырылмақ.
Жобаның мақсаты – бейнелеу өнерін көпшілік арасында дәріптеу, сақтау және дамыту. Сондай-ақ қоғамның рухани-патриоттық және мәдени деңгейін көтеру, қатысушылардың жаңа туынды жасау үшін кәсібилігін дамыту, ҚР әр аймақтарындағы талантты суретшілерді анықтау және ынталандыру.
23 шілде күні «Болашақ энергиясы – Made In Astana» республикалық бейнелеу өнері байқауының қатысушыларына алғыс хаттар және ақшалай сертификаттарды табыстау рәсімі өтеді.