ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФОРУМЫ

2017 жылы 1 наурыз күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» «Атриум» залында  Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған форумы болып өтті.

Форум шымылдығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс айту күніне орай халыққа арнаған құттықтауымен ашты. Жылы лебіздер легін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов жалғады.  Сондай-ақ сахна төрінен Елбасымызға, Қазақ еліне алғысын Асссамблея ардагері, қоғам қайраткері,«Алеф» еврей мәдени-ағарту қоғамының жетекшісі, белгілі журналист Моисей Михайлович Гольдберг,Қазақстан корейлері қауымдастығының өкілі Александра Югай жеткізді.

Келесі кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелеріне куәліктерін Гүлшара Наушақызы мен  Ералы Лұқпанұлы салтанатты түрде табыстады. Биылғы жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелігіне 20-ға жуық адам қабылданды. Олардың ішіндеҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, «Қазақстан» ТРК АҚ Басқарма төрағасы  Ерлан Қарин, Олимпиада чемпионы, Данияр Елеусінов, әнші Алишер Каримов бар.

Форум соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің  Қазақстан халқына  және Елбасына алғыс айтылған үндеуі қабылданды.