«КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ» ӘЗІЛКЕШТЕРІНІҢ ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАРЫ

2017 жылы 24 қараша күні «Бейбітшілік және Кел ісім Сарайында» «Көңілді тапқырлар алаңы» әзілкештерінің финалдық ойындары өтті.

Жоба жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.

Ақтық сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен  4 команда қатысты. Олар: «Назар Аудар», «Қорқыт», «Тек қана қыздар», «Жерұйық».

Əділ қазы мүшелігінде: Астана қаласының мəдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Тілеухан, әнші Қыдырәлі Болман, «Әзіл әлемі» театрының актері Қанат Әлжаппаров, тележүргізуші Лəйлə Сұлтанқызы, «Жыл актері-2016» Ғалым Махамбетов болды.

Осылайша, үш айналымнан тұрған ақтық мəреде əділ қазылар алқасы бас жүлдеге Оралдан  келген “Назар аудар” командасы лайық деп шешті.
Екінші орын Қызылордалық «Қорқыт» құрамасына бұйырды.
Үшінші орынды Атыраудан келген «Жерұйық» командасы алды.
Ал “Жыл актері” атағын  “Назар аудар” командасының капитаны – Ғазиз Ерболат қанжығасына байлады.