ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

2018 жылдың 16 сәуір күні “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” төтенше жағдайлардың алдын алу, эксплуатациялық қатерлерді болдырмау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына қатысты оқу тәжірибиелік сабақтары өтті. Сарай қызметкерлеріне төтенше жағдай орын алган кездегі эвакуациялық, Сарайдың орталық кіреберісінен, қызметтік және қосымша шығу жолдары көрсетілді.  Өрт болған жағдайда қатердің алдын алу, қызметкерлерді құтқару, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері түсіндірілді. Нұсаулық бойынша оқу тәжірибиесін “Бейбітшілік және Келісім Сарайының” Еңбек және Өрт қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Батырxан Жұмашұлы жүргізді.