«Бейбітшілік және келісім сарайының» басқарушы қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президентінің президенттік сынақтарына қатысты

Х.Мұңайтпасов алаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Астана қаласының Мәдениет және Спорт басқармасы» қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арасында президенттік тестілеу болып өтті.

Тестілеуге «Бейбітшілік және келісім сарайы» атынан бас директордың Шығармашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұрдәулет Серікұлы Шертім және Бас директордың Жалпы сұрақтар бойынша орынбасары Сағдат Мақсұтұлы Мұхамеджанов қатысты.

Спорттық шараның мақсаты – Астана тұрғындары мен қонақтарын дене шынықтыру және спортпен таныстыру салауатты өмір салтын белсенділігін арттыру, спортты халыққа насихаттау.

Ұйымдастырушылары Астана қаласының Мәдениет және Спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Аталмыш шара Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының жыл сайынғы денешынықтыруға деген белсенділігінің жоғары деңгейде өсіп келе жатқаннының бір белгісі.