“Бір өлең бір әуен” ән-жыр кеші

Қазақстанның тәуелсіздік тарихында үлкен орны бар айрықша шара – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің ақындары мен өнер жұлдыздары қатысатын «Бір өлең, бір әуен» атты ән-жыр кеші өтеді.

Жобаның  мақсаты «Рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі идеясының өзекті сәттерін қамту, сондай-ақ  ұлттық дәстүрді, тілді және әдебиетті, ұлттық рухты сақтап қалу үшін болашақ ұрпақты туған жерге, халыққа  деген махаббатын арттыру,  қазақ поэзиясын насихаттау, қазақ ақындарының мәртебесін Республикаға таныту.

Жобаның  форматы Астаналық әдеби орта мойындаған талантты ақындар іріктеліп, ақын өзінің ең мықты деген бір өлеңін оқиды, оның басқа өлеңіне жазылған әнді белгілі бір әнші немесе бір топ орындайды. «Бір өлең, бір әуен» атынан көрініп тұрғанындай, астаналық ел-жұртқа өлең тыңдатады. Корнцерттік бағдарлама барысында экранда әсем Астананың бейне-суреттері, түрлі-түсті көріністері мен көз тартар көркем бейнесі көрсетіледі.

Елорданың мерекелік кешінде еліміздің көрнекті ақындары жырдан шашу шашып, танымал эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салмақ.