Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралары өтті

 

2019 жылғы 1 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралары өтті.

Іс-шараның мақсаты елдегі қайырымдылық, өзара көмек шараларын және азаматтардың бір-біріне деген құрметін көрсету арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Атриум залында «Қымыздан қуат алған біртұтас ел» («Кумысом взращенный единый народ») атты көрме-экспозиция ұйымдастырылды.

Ал Опера залында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ радиолары» ЖШС бірлесе ұйымдастырған «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары,
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің, Аналар кеңестерінің, Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, ғылыми-шығармашыл зиялы қауым, меценаттар, Қазақстанға күштеп жер аударылғандар мен қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.