«АТА-АНАЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР» СЕМИНАР – ТРЕНИНГІ

Бүгін, 14 қараша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатымен «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» қызметкерлеріне «Ата-аналарға кәсіптік бағдар» семинар – тренингі өткізілді. Шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» Жастар Ресурстық Орталығы ұйымдастырды. Тренингті «Астана Жастары» тренері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Қуатова Аяжан Серікқызы жүргізді.
Семинарға 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер қатысты.
Семинар қатысушылары мамандық таңдау барысында туындайтын сұрақтарды талқылады.