Республикалық “Жайдарман” жобасы өтеді

17 маусым күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында “Жайдарман” ойындарының Астана күніне орай «Туған күн-2018» республикалық арнайы жобасы өтеді.

Шараға биылғы маусымда Жайдарманның жоғары лигасында өнер көрсетіп жүрген үздік 10 топ қатысады.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай және “Қазақстан КВН Одағы” республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің құрылған күніне байланысты дәстүрлі түрде өткізілетін «Туған күн-2018» республикалық арнайы жобасы биыл Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар  саясаты департаментінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»-ның мемлекеттік гранттары аясында  ұйымдастырылады.

Сонымен қатар арнайы жобаны «Қазақстан» Ұлттық арнасы эфирден көрсетеді.