Біз таза қала үшін

Бүгін, 12 мамыр күні «Астана – таза және қауіпсіз қала» науқаны аясында, «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» ұжымы бас директоры Әділ Сейлханұлының бастауымен кезекті сенбілікті өткізді.
Іс-шара барысында барлық қызметкерлерге ғимараттың және саябақтың айналасын тазалауға арналған құрал-жабдықтар берілді. Сонымен қатар, жасыл көшеттерді кесу, әктеу, гүл бақшаларын қайта қазу, топырақты зиянкестерден қорғау қолайлы орта жасау жөніндегі іс-шаралар кешені өткізілді.
“Бейбітшілік және Келісім Сарайының” қызметкерлерімен саябақ пен Пирамиданың аумағы қоқыстан тазартылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қаланы абаттандыруға және астананың экологиялық жағдайын сауықтыруға жақсартады.
Біз таза қала үшін!!!