ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУЫ

2017 жылы 15 мамыр күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» баспасөз орталығында Терроризмге қарсы оқыту жұмыстары жүргізілді. Шараны мәдени ошақ бас директоры Әділ Сейілханұлы, «NS service-Astana» ЖШС қызметкерлері ұйымдастырды. Оқыту жұмыстарына Сарай қызметкерлерімен қатар, ғимаратта орналасқан ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Түсіндіру шараларын «NS service-Astana» ЖШС бас директоры Нариман Асқарұлы жәнеде орталықтың басқа да сарапшылары жүргізді. Оқу дәрісі аясында бүгінгі терроризмнің ерекшелігі, террорлық әрекетті жоспарлау, нақты операцияларды дайындау мен жүргізу мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар назарына бейнефильм ұсынылды.