Нуржан Керменбаев жанкүйерлерін “жанды” дауысымен таң қалдырды!

“Бейбітшілік және Келісім Сарайында” Нұржан Керменбаевтың шығармашылығының  10 жылдығына орай “ҚАРА БАЛА” атты музыкалық шоуы қойылды. Концерт Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізілді.
Концерттің өзін  әртіс “Жалындаған Махаббат”атты әуезді әнін орындаумен бастады. Осы кеште әртістің барлық әндері,сонымен қатар  “Өмір-ай”, “Қара Бала”, “Қайдасың ғашығым” секілді    қарқынды шығармашылық мансап кезінде хит болып үлгерген әндері де орындалды.
Нуржан Керменбаев пен  Жанар Дұғаловамен, Мақпал Исабекова тәрізді  танымал Қазақстандық  жұлдыздармен дуэт болып ән орындауы әншінің жанкүйерлеріне жағымды сый болды. Қара баламызды қолдау үшін тек сахнадағы жолдастары ғана емес, шығармашылығын сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері және жүрегіне жақын жандары келді.
Көрермендер концерттік алаңда болған ауқымдылық пен эмоцияларды көріп,  сезінуіне себепші болған «Хабар» ұлттық  телеарнасы түсіргенін атап өткеніміз жөн.
Астана қаласында өткен Нұржан Керменбаевтың концерті көрермендер мен жанкүйерлерге ерекше сыйлық болғанына сенімдіміз.