Жаңа жылдық мерекеге арналған «Ән мен әнші» концерті

2018 жылғы 22 желтоқсанда «Бейбітшілік және Келісім сарайының» концерт залында Жаңа жылдық мерекеге арналған «Ән мен әнші» концерті өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарының халық артистері Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Рамазан Стамғазиев, Нұрлан Өнербаев, «Құрмет» орденінің иегері Тамара Асар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұбаныш Жексенұлы, Досымжан Таңатаров, сонымен қатар, еліміздің танымал «МұзАрт», «Жігіттер», «Қоңыр» топтары мен Қыдырәлі мен Қарақат, Жанболат пен Жазира дуэттерінің қатысуымен халық сүйетін әндері мен жаңа туындылары шырқалады.