«ҚАЗАҚ АРУЫ-2017» ҰЛТТЫҚ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ

2017 жылдың 19-наурызында сағат 18.00-де «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» «Қазақ аруы-2017» ұлттық сұлулық байқауы өтеді. Шараға қазақ эстрадасының жұлдыздары мен шоу-бизнес өкілдері: Қыдырәлі Болман, Айгүл Иманбаева, Қайрат Баекенов, «Формат» тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Айқын Төлепберген қатысады.
Сұлулық байқауы жетінші рет ұйымдастырылуда. Үш рет Астана қаласында өткен. Еске сала кетейік, «Қазақ аруы-2016» байқауының финалы 16 наурызда өтіп, жеңіске Атырау облысының аруы Альмира Ахатова лайық деп танылған.