«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫНЫҢ» ЕР-АЗАМАТТАРЫ САРАЙДЫҢ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ҚАУЫМЫН АЛҒАШҚЫ МЕРЕКЕСІ 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

kax3

2017 жылы 7 наурыз күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» ер-азаматтары Сарайдың нәзік жандылар қауымын көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Баспасөз-орталығында ұйымдастырылған мерекелік шараны «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» бас директоры Әділ Сейілханұлы құттықтау сөзімен ашты. Содан соң ер-азаматтар аруларға раушан гүлдерін ұсынды. Концерттік бағдарлама барысында «Pyramyd Dance Group» би билесе, Әсем Омарова, Айдар Әміре, «Хан» тобы әсем әндерін шырқаған болатын.

Келесі кезекте аруларға арналған дастархан жайылды. Ас мәзірін сарай бөлімінің жiгiттерi өз қолдарымен дайындап сынға түсті. Уш топтың аспаздық өнерін арнайы комиссия бағалады.
Шара соңында Сарайдың нәзік қызметкерлеріне мерекелік алғысхат табысталды.