«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі

2018 жылғы 7 қарашада сағат 11.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

Шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.

Фестиваль аясында үш номинация бойынша сайыс ұйымдастырылады: мүшайра, терме және халықтық қолданбалы өнер.