Қазақстанның халықаралық би олимпиадасы

2018 жылы3-4 қараша күндері Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстанның халықаралық би олимпиадасы аясында:

– Екі биден Астана Ашық Чемпионаты (мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында арбада билеу),

– Қазақстан Республикасының чемпионаты және Черлидинг, Чир спорты бойынша KAZAKHSTAN OPEN халықаралық турнирі,

– Заманауи, эстрадалық, халықтық және әртістік би бойынша халықаралық турнир және Әлем чемпионаттарына іріктеу

Үздік бишілерәлемдік жарыстарда ел намысын қорғауға ресми құқық алды.

Осы беделді байқаудың құрылтайшысы “Қазіргі Заманғы және Спорттық Би Федерациясы” РҚҰ және “Астана қаласының Би Спорты Федерациясы” ҚҰ болып табылады.

Жарыс ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өтті.