«Н.Ә.НАЗАРБАВЕТЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Орталық-Азия университеті Бейбітшілік және Келісім Сарайында 2017 жылдың 18 желтоқсанында «Н.Ә.Назарбаветың әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Жиынға отандық және шетелдік саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар Нобель сыйлығының иегерлері қатысты.

Конференция барысында халықаралық әлемдік қауіпсіздік, қарусыздандыру, ядролық қаруды қолданбау және одан бас тарту сынды сұрақтар талқыланды. Мұндай жиын елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.