АҚЫН, КОМПОЗИТОР КЕНЕН ƏЗІРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

 

2017 жылы 15 сəуір күні “Бейбітшілік жəне Келісім Сарайының” Опера залының сахнасында қазақ халқының дарынды тұлғасы Кенен Əзірбаевтың шығармашылығына арналған “Мен сүйемін xалқымды” кеші болып өтті.

Шығармашылық кеш барысында Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Сүндет Байғожин, Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, “Қоңыр” тобы, “Тараз” триосы өнер көрсетті.