«Үздік гид-аудармашы» атты байқауы

Бүгін 2018 жылдың 11 сәуірінде Еуразиялық Гуманитарлық Институты Колледжі шет тілдер комиссиясының пәндік-қайталымдық онкүндік жоспарына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің «Бейбітшілік және келісім сарайы» МКҚК базасында ынтымақтастық аясында, «Үздік гид-аудармашы» атты байқауы өткізілді.

Байқауға «Аударма ісі» мамандығы бойынша 2 курстың 12 студенті қатысты. Кәсіби шеберлік байқауы білім үдерісінің сапасын көтеру мақсатында өткізілді.

Кәсіби шеберлік байқауының негізгі тапсырмалары;

-студенттердің кәсіби дайындықтарының сапасын көтеру;

-еңбек өнімділігі мен жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін студентттердің ғылыми-танымдық және кәсіби қабілеттерін дағдыландыру.

Кәсіптік шеберлік байқауының қорытындысын құрамында төрағасы мен мүшелері бар әділқазылар, Бейбітшілік және келісім сарайының гид-экскурсия жетекшілері шығарды. Байқау жеңімпаздарына Бейбітшілік және келісім сарайы базасында өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік берді.

Байқау соңында, Еуразиялық Гуманитарлық Институты Колледжінің директоры А.Д. Аширбекованың атынан студенттерге сертификаттар мен алғыс хаттарын табыс етті.