КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ-2017


Сіздерді 11-14 сәуір күндері кешкі сағат 19.00-де «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» Опера залының сахнасында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасының кезекті ойындарын тамашалауға шақырамыз!
Сайыс барысында 14 команда сынға түсетін болады.
Талантты өрендерден құралған топ өнерін қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары мен мәдениет майталмандарынан құрылған қазылар алқасы бағалайды.
Тапқыр жастардың өнерің бірге тамашалайық!
Билеттер http://koncertyastany.kz/ сайтында.