ҰЛЫ ДАЛА ӨНЕРІ

“Рухани Жаңғыру” бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Еуразиялық өнер академиясы, әлемдік мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қолдауымен «Бейбітшілік және келісім сарайында» «KULANSHI» Қазіргі заманауи өнер орталығының “Ұлы Дала Өнері” атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Б.А.Бекназаров және көптеген өнер саласының көрнекті қайраткерлері салемдеме сөздерімен бастады.

Экспозицияға заманауи қазақстандық суретші Лейла Махаттың жұмыстары қойылды. “Уақыттан тыс”, “Жоғарыға арнау”, “Мегаполис қарқыны”, “Ескі Құдайларға табыну”, “Аспан мен жер”серияларынан 16 көркем және 9 графикалық туындылар. Сонымен қатар заманауи қазақстандық суретші Қанат Нұртазиннің шығармалары ұсынылды. Графика, инсталляция, карвинг, шыныдағы гравюра, кеңістікте жасау.