“ЖАҢА БЕЛЕС” фестиваль-байқауының жабылуы рәсімі

 

“Бейбітшілік және Келісім сарайында” қаланың ең талантты студенттерін анықтайтын «ЖАҢА БЕЛЕС» атты фестиваль-байқауының жабылу кеші болып өтті. Байқау орта және арнайы оқу орындарының студенттері арасында «Вокал», «Хореографиялық өнер», «Шығармашылық», «Сурет байқауы», «Зияткерлік ойындар» номинациялары бойынша өткізілді. Бес күн ішінде олардың ішінен ең үздік қатысушылар таңдалып, олар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.