«Елорда денсаулық сақтаудың 20 жылдығы, жетістіктері мен келешегі»

2018 жылыдың 14 маусым күні “Бейбітшілік және келісім сарайында” елорданың 20 жылдығы мерейтойы және «Рухани Жаңғыру»бағдарламасы аясында Медициналық қызметкердің күніне орай «Елорда денсаулық сақтаудың 20 жылдығы, жетістіктері мен келешегі» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтеді. 

Іс-шараның басты оқиғасы бұрын соңды болмаған алғаш рет медициналық «ALTYN SHIPAGER» сыйлығының табыстау рәсімі болып келеді. Медицина саласында ерең еңбек еткен үздік дәрігерлер мен қызметкерлер 12 номинацияда марапатталады. Сыйлықты табыстау медицина саласында қоғамдық сананы жаңғыру бойынша тапсырмаларды іске асыруға бағытталады. Бұл өз кезегінде, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыратын болады.

Салтанатты жиынның жүргізушілері: журналист, белгілі тележүргізуші, дизайнер Динара Сатжан және мәдениет қайраткері, актер, әнші, композитор Нурлан Алимжанов.

Аталмыш іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Сундет Байгожин, Бауржан Исаев, Дастан Оразбеков, Кайрат Байкенов, Жүгінісов ағайындылар, Женис Искакова, Сергей Цырюльников, «НАЗ» мемлекеттік би театры, т.б.  қатысады.