ҚР ҰҚК 25 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

2017 жылдың 13 шілде күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстанның Қауіпсіздік комитеті 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы мерекемен ҰҚК қызметкерлерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Ширек ғасыр ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды жұмыстарды атқарды.
Шараға қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің жұбайлары да қатысты. Қайтыс болғаннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ерғанат Көшербаев марапатталды. Марапатты Мемлекет басшысы жұбайына табыстады. Өзге де қызметкерлер марапаттарға ие болды.
Қазақстанның Қауіпсіздік комитеті 25 жылдығына орай сахнада танымал қазақстандық әншілер өнер көрсетті. Мерекелік іс-шара соңы Елбасымен естелік суретке түсу рәсімімен аяқталды.