ОРАЛБЕК ҚАБӨКЕНІҢ «КӨЗҚАРАС» АТТЫ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 19-қаңтарында Бейбітшілік және Келісім Сарайында орналасқан «Құланшы» Қазіргі заманғы Өнер орталығында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Оралбек Қабөкенің «Көзқарас» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Шараға Астана қалалық суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Жеңіс Кәкенұлы, суретші Әділғали Баяндин және көпшілік өнерсүйер қауым қатысты.
Қылқалам шеберінің көрмеге қойылған әр туындысынан ұлттық бояу мен заманауи өрнектері бірлескен үйлесімді көруге болады.
Көрме 2017 жылғы 19-ақпанына дейін жалғасады.
Мекен-жайы: Тәуелсіздік 57. «Бейбітшілік және келісім сарайының» «Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы.
Қосымша сұрақтар мен ақпараттар бойынша: 744-760
Ресепшн: 87172 744-744