«ҰЛЫ ДАЛА ӘНҰРАНЫ» КӨРМЕСІ

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 16 қазанынан 1 желтоқсаны аралығында Бейбітшілік және Келісім Сарайында Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі, суретші Евгения Шульцтың көркемдік киіз техникасымен жасалынған «Ұлы дала Әнұраны» суреттер көрмесі өтті.
Көрмемен қатар біруақытта халықтық кәсіпті үйрететін шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды. Алғашқы «Киізден жасалынған «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» инсталяциясын дайындау» шеберлік-сыныбы отызға тарта қатысушының көңілінен шықты. 3D үлгісіндегі инсталляция жасау идеясын Бейбітшілік және Келісім Сарайының бас директорының орынбасары Н.В.Цой ұсынған.
Евгения Шульцтың кейінгі сабақтарында қызығушылық танытқан қатысушылар киіз басу техникасын меңгеруді жалғастырды.
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шараларға Бейбітшілік және Келісім Сарайының қызметкерлері белсене атсалысты. Сарайға келушілер қызықты дизай жобасының жалғасын табу туралы ұсыныстарын білдірді.