«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» КӨРМЕСІ ҚАРАҚАЛПАҚ ҰЛТЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ КИІМІМЕН ТОЛЫҚТЫ


2017 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті 25 жылдық мерейтойлық сессиясына орай, «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» «Атриум» залындағы «Бір шаңырақ астында» көрмесі қарақалпақ ұлтының дәстүрлі киімімен толықты.
Қарақалпақ ұлттық киімінің салтанатты тұсаукесеріне Ұлттық киімінің авторы Қарақалпақстанның Нүкіс қаласындағы «Айзада» сән үйінен тапсырыс бойынша арнайы тігіліп алып келінген киімді Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Аллаяр жолы» этно-мәдени орталығының сыйлығын осы орталықтың мүшесі Бахыт Гаипов мырза сыйға тартты.
Салтанатты лента қию рәсімін Қазақстан Халқы Ассамблеясының жауапты хатшысы Гүлнәр Ноянқызы, «Аллаяр жолы» этно-мәдени орталығының мүшесі Бахыт Гаипов және «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» бас директоры орынбасары Николай Валерьевич Цой өткізді.
Түркі тілдес халықтың көрмеге тартқан сыйы болашақта екі ұлт арасындағы мәдени қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізері анық.