Сарайда Үздік топтардың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кубогы үшін сайысы өтті

2019 жылы 12 ақпанда «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» дәстүрлі түрде үздік топтардың қатысуымен кезекті «Маусымашар 2019 – Жайдарман» Республикалық фестивалі өтті. Қазақстанның бірнеше аймағынан келген 12 үздік команда Астана қаласының «Нұр Отан» партиясының кубогы үшін сайысқа түсті. Ойын нәтижесі бойынша 3-ші орынды «Миллион» – Шымкент, 2-ші орынды «Апорт» – Алматы, 1-ші орынды «Шапалақ» – Талдықорған иеленді.