Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі

«Бейбітшілік және Келісім сарайында» Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

«Дін лидерлері қауіпсіз әлем үшін» тақырыбына арналған съездің пленарлық отырысына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич және 80-нен астам делегация қатысты, соның ішінде негізгі конфессиялардың рухани көшбасшылары – ислам, православия, католицизм, буддизм, иудаизм, индуизм, деоизм, синтоизм, зороастризм, сондай-ақ діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, саяси қайраткерлері, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Томас Гремингер, Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насер, «Діндер бейбітшілік үшін» дүниежүзілік ұйымының бас хатшысы Уильям Вендли де қатысты.