Бейбітшілік және Келісім Сарайында Валерия Ханның «Над музыкой парю…» атты ән кеші өтті





02.02.2019 жылы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Валерия Ханның «Над музыкой парю…» атты ән кеші өтті. Атаулы іс-шара қайырымдылық жоба аясында өтті. Біздің балалар табысқа жете алатынын және оларға, мүмкін болса, жұмыс істеуге және мақсатқа ұмтылса, бәрі мүмкін болатынына сенім беретін, ерекше балалар мен ата-аналарға үлгі болатынын айқын көрсететін әлеуметтік маңызға ие болған үлкен жоба.
Концертке Валерия Ханға арнайы әндер жазып берген танымал әртістер мен композиторлар: Құрмаш Махан, «Астана» тобының әншісі Нартай Алтаев, сондай – ақ, «Х-фактор 2018» жобасының жеңімпазы Дильнура Біржанова, «Номад» би студиясы және басқалары қатысты.