БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТƏРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЕРТЕҢГІЛІГІ

Астана қаласы əкімдігінің “Бейбітшілік жəне Келісім Сарайы” МКҚК “ММ” өнер-білім орталығымен бірлесіп 22 желтоқсан күні балалар үйінің тəрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық ертеңгілігін ұсынды. Шара шымылдығын ҚР Парламент мəжілісінің депутаты, ҚР Балалар құқығын қорғау жөніндегі уəкілі Зағипа Яхянқызы Балиева құттықтау сөзімен ашты. Сондай – ақ бүлдіршіндерді “Мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының” басшысының орынбасары Нарима Абылқызы Мухамбеталина, “Аспан арыстаны” қайырымдылық қорының директоры Рзабек Утебаев, “Tiens Казахстан” компаниясының өкілі Виктория Шмит бүлдіршіндерге жылы лебіздерін арнады. Айта кететін жайт, “Tiens Казахстан” компаниясының қолдауымен “Аспан арыстаны” қайырымдылық қоры балаларға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті. “The Snowman show” триллерін тамашалағаннан кейін, ғажайып шырша мен əдемі фотоаймақтар орналасқан “Атриум” залында Аяз Ата мен Ақшақар жəне керемет ертегі кейіпкерлерлері жиналған балаларға керемет көңіл- күй сыйлады. Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жылдық шара 30 желтоқсанға дейін жалғасады.