Афиша
30.10.2019
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар

Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!!!! 30 ҚАЗАН күні сіздердің назарларыңызға ақын, жалынды жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ 125 жылдығына арналған
МӘДЕНИ ШАРАЛАРДЫ
Қ. Қуанышбаев атындағы
Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры  ұсынады. *
Сағат 18.00-де
Театр фойесінде Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы мен С.Сейфуллин мұражайының қолдауымен "Қайраткер ақын"
атты әдеби-сазды кеш пен КӨРМЕ ұйымдастырылады. *
Сағат 19.00-де
Театр сахнасында "СӘКЕН-СҰҢҚАР" драмасының арнайы көрсетілімі өтеді. 
Спектакльдің авторы - Қанат Жүнісов. 
Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
Спектакльде Сәкен бейнесін актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сырым Қашқабаев,
ақынның аяулы жары Гүлбаһрамды актриса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай  Нөгербек,
Ахмет Байтұрсыновты ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат  Ыбыраев сомдайды.
 Келіңіздер!!!! Көріңіздер!!!
Театрда кездескенше!!!
@kaztheatre 
@seifullin_museum