«Жас қанат 2019» XXVIII Республикалық жас орындаушылар байқауы жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Стали известны имена победителей XXVIII Республиканского конкурса молодых исполнителей «Жас канат 2019»

     

       2019 жылдың 31 мамырында XXVIII республикалық жас орындаушылар байқауының финалы Бейбітшілік және Келісім Сарайында өтті. Концертті әділ қазылар алқасының мүшесі Мәдина Сәдуақасова ашты. Ол әсем әнімен көрермен көңілін баурап алды. Мәдинадан соң сахнаға байқаудың барлық 14 қатысушысы шығып, «Жас қанаттың» әнұранын орындады.

Байқау жүлдесі үшін 5 финалист сайысқа түсті:

Жанболат Ұзақбай, 24 жас, Нұр-Сұлтан;

Олжас Оспан, 25 жас, Семей;

Ақерке Көпжасарова, 15 жас, Нұр-Сұлтан;

Дидар Әбдухалық, 18 жас, Шымкент;

Әділ Балтабаев, 22 жас, Көкшетау.  Әділ қазыларға ең ауыр үздік өнерпаздарды таңдау жұмысы жүктелді.

            Биыл салтанатты марапаттау рәсімі де жаңаша, ерекше форматта өтті. Қорытындыны бірінші болып «Мисс Қазақстан» байқауының әдемі арулары шығарды.  Сұлулық байқауының жеңімпаздары бір емес, бірнеше жүлде беруді шешіпті. Мысалы «Хан» триосына үшінші вице-мистер атағымен қоса, костюм алуға арналған арнайы сертификат табыстады.

          Сүйкімді нұр-сұлтандық Жанболат Ұзақбай екінші вице-мистер атағын алды. Қыздардың шешімімен Семей қаласынан келген ер мінезді Олжас Оспан бірінші вице-мистерлікке лайық деп танылды. Ал «Мистер «Жас қанат» атанған жеңімпаз – харизмасы мол Дидар Әбдухалық.

Ақерке Көпжасароваға «Хабар» агенттігінен ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін арнайы жүлде берілді. Ал әкім жүлдесіне жартылай финалист Айым Имашева ие болды.

Байқаудың ақпараттық серіктесі «Астана» радиосы Жанболат Ұзақбайдың авторлық әніне бір жылға ротация сыйлады. Олжас Оспан мен Ақерке Көпжасарова биылғы байқаудың дипломанттары атанды.

          «Жас қанат 2019» XXVIII Республикалық жас орындаушылар байқауының жеңімпаздары

Көкшетаулық Әділ Балтабаев үшінші сыйлық «қола қанат» иегері болды.

Елорда тұрғыны Жанболат Ұзақбай «күміс қанатты» және «Астана» радиосы сыйға тартқан біржылдық ротацияны қанжығасына байлады.

Байқау жеңімпазы, биылғы «алтын қанаттың» иесі, оған қоса «Мистер «Жас қанат» – шымкенттік Дидар Әбдухалық.

     31 мая 2019 году грандиозный финал конкурса молодых исполнителей прошел в столичном Дворце Мира и согласия. Концертную программу открыла Мадина Садвакасова, член жюри. Вслед за Мадиной на сцену вышли все 14 участников конкурса – они исполнили гимн «Жас канат».

За заветные награды боролись 5 финалистов:

Жанболат Узакбай, 24 года, Нур-Султан;

Олжас Оспан, 25 лет, Семей;

Акерке Кобжасарова, 15 лет, Нур-Султан;

Дидар Абдухалык, 18 лет, Шымкент;

0Адиль Балтабаев, 22 года, Кокшетау.

         Самая сложная работа досталась жюри, которому предстояло выбрать самых-самых. Торжественная церемония награждения в этом году также проходила в новом, необычном формате. Первыми итоги подводили участницы прекрасного жюри «Мисс Казахстан». Победительницы конкурса красоты решили вручить не один, а несколько призов – поощрительный приз для трио «Хан» – специальный сертификат для приобретения костюмов.

         Вторым вице-мистером стал обаятельный Жанболат Узакбай, представитель Нур-Султана. Первым вице-мистером девушки избрали мужественного Олжаса Оспана из Семея. А победителем, «Мистером «Жас канат», стал харизматичный Дидар Абдухалык. Акерке Кобжасаровой вручили специальный приз от агентства «Хабар» за сохранение национальных традиций. Наградой акима была отмечена полуфиналистка Айым Имашева из Семея. Информационные партнеры конкурса, радио «Астана» вручили свой приз – годовую ротацию авторской песни, которую исполнит Жанболат Узакбай.

      Дипломантами в этом году стали Олжас Оспан и Акерке Кобжасарова.

Победителями XXVIII  конкурса молодых исполнителей «Жас канат-2019»:

– Адиль Балтабаев из Кокшетау – обладатель третьей премии и «бронзового крыла» конкурса.

– Жанболат Узакбай из Нур-Султана был отмечен вторым местом, получил «серебряное крыло» и ротацию на радио «Астана» на целый год.

– Победитель конкурса, обладатель первой премии и заветного «золотого крыла» «Жас каната» – Дидар Абдухалык из Шымкента.